Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қыркүйектегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:05-тегі бағасы 1,08 долларға (1,36%) төмендеп, барреліне $78,15 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,90 долларға (1,21%) төмендеп, барреліне $73,21 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу