Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың сәуіріндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 1 ақпан Мәскеу уақытымен сағат 8:08-дегі бағасы 8 центке (0,13%) көтеріліп, барреліне $62,92 құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Brent мұнайының бағасы қаңтарда 2016 жылдың сәуірінен бері 15% -ға дейін көтерілді.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында наурыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 3 центке (0,06%) қымбаттап, барреліне $53,82 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу