Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қыркүйектегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 14:10-дағы бағасы 30 центке (0,40%) көтеріліп, барреліне $74,59 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 90 центке (1,31%) көтеріліп, барреліне $69,59 құрады. Өткен аптада Brent 2%-ға, ал WTI 1,8%-ға қымбаттаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу