Brent сұрыпты мұнай баррелі 3%-ға арзандады

660

Шикізат нарығына коронавирустың Британияда табылған жаңа штамы ықпал етті.

Brent сұрыпты мұнай баррелі 3%-ға арзандады

Лондонның ICE биржасындағы сауда қорытындысы бойынша Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 3%-ға төмендеп, 50,69 доллар болды. WTI баррелінің құны 2,84%-ға арзандап, 47,84 долларға дейін түсіп кетті.

Нарыққа коронавирустың Британияда табылған жаңа штамы кері әсерін тигізіп отыр.

Еске сала кесек, 14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, бұл фактор COVID-19 дертінің Англияның оңтүстік-шығысында тез таралуының себебі болуы мүмкін. Елдегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметі штам қыркүйек айында пайда болды, бірақ қараша айынан бастап тарала бастады деп хабарлады. 

Әзірге Pfizer компаниясы жасап шығарған вакцинаның бұл штамға қалай әсер ететіні белгісіз. Британия желтоқсан айының басында екпені қолдануды мақұлдаған болатын. 

Осы жағдайға байланысты бірнеше ел Британиямен арадағы әуе және теміржол байланысын тоқтатып тастады.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу