Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың мамырындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 11 наурыз Мәскеу уақытымен сағат 8:00-дегі бағасы 29 центке (0,44%) көтеріліп, баррелі $66,03 құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында сәуірдегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,28 (0,50%) қымбаттап, барреліне $56,35 долларды құрады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        