Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 96,87 доллар болды

584

West Texas Intermediate мұнайы қазір 90,67 долларға саудалануда.

Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 96,87 доллар болды

Әлемдік биржаларда Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 96,87 доллар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұл алдыңғы сессиядағы көрсеткіштен 1,3%-ға төмен.

12 тамызда Brent баррелінің бағасы 100,38 долларға дейін көтеріліп, сессия 98,15 доллар деңгейінде аяқталған болатын.

West Texas Intermediate мұнайы қазір 90,67 долларға саудалануда.

Бағаның төмендеуіне Қытайдағы экономикалық көрсеткіштер, әлемдегі ең ірі импорттаушының мұнайға деген сұранысына қатысты болжамдар әсер етті. Шілде айында бұл елде ЖІӨ қарқыны баяулады.

Сауд Арабиясының Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы мұнайға деген сұраныстың артатынын мәлімдеді. Сонымен қатар компания Сауд Арабиясы үкіметінің сұрауы бойынша бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемі 12 миллион баррельге дейін арттырылатынын жариялады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу