Brent сұрыпты мұнай құны қымбаттады

672

АҚШ президенті Джо Байден 4 шілдеге дейін ересек тұрғындардың 70%-ын вакцинациялауды жоспарлап отырғанын мәлім етті.

Brent сұрыпты мұнай құны қымбаттады Фото: reuters.com

АҚШ пен Еуропада шектеулер алынып тасталғаннан соң, сұраныс артады деген болжам жарияланғаннан кейін, мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,75%-ға өсіп, 69,4 долларға жетті. WTI фьючерстері 0,82%-ға қымбаттап, бір баррелі 66,23 долларға саудаланып жатыр.

Бұрын АҚШ президенті Джо Байден 4 шілдеге дейін ересек тұрғындардың 70%-ын вакцинациялауды жоспарлап отырғанын мәлім етті. Осы аптаның басында Еуропалық Комиссия вакцинацияланған туристерге, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайы жақсы елдерден келген туристерге ЕО-ға кіруге рұқсат беріп, шектеулерді жеңілдетуді ұсынды. Британия премьер-министрі Борис Джонсон болса, 21 маусымға дейін карантиндік шараларды алып тастауға уәде етті.

Америкалық мұнай институтының дерегіне сүйенсек, АҚШ-тағы мұнай қоры өткен аптада 7,7 миллион баррельге қысқарған. Егер Энергетика министрлігі бұны растаса, бұл қаңтар айының соңынан ең жоғары көрсеткіш болмақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу