Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 33 доллардан асты

851

Мұндай көрсеткіш 13 сәуірден бері тіркелмеген.

Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 33 доллардан асты

Brent сұрыпты мұнайдың шілде айындағы баррелінің құны 1,6%-ға қымбаттап, 33 доллардан асты. Ал WTI баррелінің бағасы сауда қорытындысы бойынша 1,76%-ға өсіп, шамамен 30 долларға жетті. 

Бұған дейін Сауд Арабиясы нарықты тұрақтандыру мақсатында өндірісті қысқартқан еді. Эр-Риядтың мұндай қадам жасауына Вашингтон итермеледі. Сонымен қатар шикізат бағасының көтерілуіне себеп болып отқан негізгі фактор — ОПЕК+ елдерінің шешімі мен карантин шараларының біртіндеп тоқтатылуы. Картель 1 мамырдан бастап бір күнде өндірілетін "қара алтын" көлемін азайту туралы құжатты күшіне енгізді. Америкалық мұнай қорының өткен жылдан бері алғаш рет қысқаруы да нарыққа оң әсерін беруде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу