Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың мамырындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:15-тегі бағасы 0,58 долларға (0,74%) қымбаттап, барреліне $79,09 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,54 долларға (0,76%) көтеріліп, барреліне $71,82 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу