Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 12 шілде Мәскеу уақытымен сағат 8:00-дегі бағасы 0,38 долларға (0,57%) көтеріліп, баррелі 66,90 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында тамыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,34 долларға (0,56%) қымбаттап, 60,54 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу