Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың шілдесіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 27 мамыр Мәскеу уақытымен сағат 8:19-дағы бағасы 0,5 долларға (0,07%) төмендеп, баррелі 68,54 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
24 сәуірде оның бағасы 0,93 долларға (1,37%) қымбаттап, сауда жабылар тұста 68,69 долларға жеткен болатын.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында шілдедегі жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,30 долларға (0,51%) төмендеп, барреліне $58,33 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу