Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың маусымындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 25 сәуір Мәскеу уақытымен сағат 8:05-тегі бағасы 0,04 долларға (0,05%) көтеріліп, баррелі 74,61 долларды құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында мамырдағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,08 долларға (0,12%) арзандап, барреліне 65,81 долларды құрады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        