Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қаңтардағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 8 қарашадағы Мәскеу уақытымен сағат 8:19-дегі бағасы $0,04 (0,06%) төмендеп, барреліне $72,87 құрады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында 2018 жылдың желтоқсандағы жеткізіліммен электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,05 (0,08%) көтеріліп, барреліне $61,72 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу