Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 30 қаңтар Мәскеу уақытымен сағат 8:15-тегі бағасы $0,32 (0,52%) көтеріліп, барреліне $61,64 құрады, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында наурыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,19 (0,36%) қымбаттап, барреліне $53,50 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу