Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қазандағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 7:59-дағы бағасы $0,18 (0,25%) төмендеп, барреліне $72,28 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,33 (0,49%) төмендеп, барреліне $66,71 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу