Бренттің баррелі 94 долларға жетті

558

Мұнайдың бағасы көтеріле бастады. Себебі Иранмен ядролық келісім жасауға қатысты жұмыс баяулап кетті. 

Бренттің баррелі 94 долларға жетті

Ресей шикізатына қарсы жарияланатын шектеуді жариялайтын уақыт таяп келеді. Қара алтынды тасымалдауға қатысты мәселелер де көбейді, деп хабарлайды Atameken Business.

Ұсыныс шектелгендіктен, күн сайын өсіп келе жатқан сұранысты өтеу оңайға соқпайтыны анық. Нәтижесінде, бүгін Бренттің қараша айындағы фьючерсі 1 пайыздан аса өсім көрсетіп, 94 долларға жетті.

Америкалық шикізат баррелі 88 долларға саудаланып жатыр.

Биыл Қытай тарапынан сұраныс жоғары болады дегенге келмейді. Себебі ішкі және сыртқы дүмпулерден сақтанып отырған Бейжіңдегі билік коронавирустың таралуын сылтауратып, санитарлық шектеулерді ұзартып отыр. Оның үстіне, Еуропаның Орталық банкі мен АҚШ-тың Федералды қор жүйесі инфляцияны тежеу үшін тағы да базалық пайыздық мөлшерлемелерін көтергелі жатыр.Бұл өз кезегінде доллардың нығаюына және мұнайдың тағы да қымбаттай түсуіне алып келуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу