Brexit бойынша кезекті келіссөз нәтижесіз аяқталды

1024

Лондон мен Брюссельдің келісімге келуіне Солтүстік Ирландияға қатысты бэкстоп туралы бап кедергі болып тұр. 

Brexit бойынша кезекті келіссөз нәтижесіз аяқталды

Брюссельде Брексит бойынша кезекті келіссөз нәтижесіз аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.

"Біз Ұлыбританияның кез-келген ұсынысын қарастыруға дайынбыз. Бірақ ағылшын тарапынан әлі ешқандай ұсыныс түскен жоқ", – дейді Еуроодақтың Brexit бойынша басты мәмілегері Мишель Барнье.

Лондон мен Брюссельдің келісімге келуіне Солтүстік Ирландияға қатысты бэкстоп туралы бап кедергі болып тұр. Яғни құжатта Ұлыбританияның ұйымнан шыққаннан кейінгі осы аймаққа қатысты қолданылатын тәртібі жазылған.

 "Меніңше, алда әлі көп жұмыс күтіп тұр. Біз Еуроодақпен ортақ шешім тауып, ұйым құрамынан қазанның 31-інде  шығамыз деп үміттенеміз. Қазір тараптар осыған қол жеткізу үшін барын салып жатыр",– дейді Ұлыбританияның Brexit істері бойынша министрі Стивен Баркли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу