BRICS саммитінде қандай мәселелер талқыланды

798

Кездесуде цифрлық өнеркәсіптің артықшылығын пайдалана отырып, стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесі талқыланды.

BRICS саммитінде қандай мәселелер талқыланды

Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында ұйымдастырылған Х Бразилия-Ресей-Үндістан-Қытай-Оңтүстік Африка елдері мүше BRICS саммиті аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.

Кездесуде цифрлық өнеркәсіптің артықшылығын пайдалана отырып, стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесі талқыланды. Сонымен қатар BRICS құрамына кіретін мемлекеттер өзара есеп айырысуды ұлттық валютада жасайтын болып келісті.

"Мұндай өзгеріс әр елдің экономикалық жағдайын реттеуге көмектеседі", – дейді сарапшылар. Кездесу қорытындысы бойынша жемқорлықпен және лаңкестікпен күресу, әуе кеңістігіндегі шабуылдарды тоқтату туралы декларация қабылданды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу