Мұндай нәтиже 2023 жылдың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банктің есебінде көрсетілген, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
Ал "Үлкен жетілік" экономикаларының үлесі 29%-ға дейін қысқарды.
БРИКС құрамына Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, сондай-ақ Мысыр, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы мен БАӘ кіреді. G7 бірлестігі – АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Канада мен Италия.
2023 жылы Дүниежүзілік банктің баяндамасында БРИКС үлесі 0,6%-ға, ал 2006 жылдан бастап әлемдік экономикадағы БРИКС үлесі 10,2%-ға өсті.
Әлемнің қалған елдері 2023 жылы ЖІӨ-нің 35,3%-ын қамтамасыз етті. Бұл үлес, жалпы алғанда, соңғы 25 жылда тұрақты болып келеді.