Британ Парламентін мазақ қылған суретшінің еңбегі 12 млн 200 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұрын-соңды қылқалам шеберлерінің жұмысы осынша жоғары бағаланған емес. Заң шығарушы биліктің жұмысын бейнелеген ол депутаттарды маймылдармен алмастырған.
Бастапқы баға 2 млн болып белгіленген еді. Небәрі 13 минут ішінде оның құны 6 есе көтеріліп кетті. Картина – "Тоқырау" деп аталады. Авторы – әлеуметтік теңсіздік пен биліктегі екіжүзділікті әжуалауды ұнататын Бэнкси. Оған бұл суретті салуға жыры созылып кеткен Брексит себеп болыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу