Британдық банктердің несиелік шығындары арта бастады

Оған жоғары инфляция мен пайыздық мөлшерлемелердің өсуі ықпал еткен. 

Британдық банктердің несиелік шығындары арта бастады Фото: ispace.news

Бұл туралы Англия банкі төрағасының орынбасары Сэм Вудс мәлімдеді. Оның сөзінше, аталған көрсеткіш төмен қарқымен өсіп келеді. Мамандар оны мұқият қадағалап отыр. Соған қарамастан, ел экономикасы тұрақты дамуда.

Сарапшылардың бағалауынша, қазіргі уақытта Ұлыбританияда мерзімі өткен ипотекалық несиелердің үлесі 1%-дан аспайды. Тіпті 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде бұл көрсеткіш 3,6%-дан жоғары болған. 

Англия банкінің келесі отырысы 21 қыркүйек өтеді. Сарапшылар, Орталық банк мөлшерлемені 25 базистік тармаққа, 5,5%-ға дейін көтереді деген болжам жасауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу