Британдық Editors тобы "Яндекске" бола Қазақстанға келмейтін болды

258

Британдық рок-топ Editors Қазақстандағы Park Live фестиваліне қатысудан бас тартты, себебі іс-шараның демеушісі – ресейлік компания. 

Британдық Editors тобы "Яндекске" бола Қазақстанға келмейтін болды Фото: life.nv.ua

Бұл туралы топ әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Музыканттар Қазақстан аумағындағы фестивальге қатысуды ойластырғанын, алайда іс-шараның демеушісі туралы ақпарат алғаннан кейін өнер көрсетуден бас тартуға шешім қабылдағанын түсіндірді.

"Біз Қазақстанға болашақта, басқа жағдайларда келеміз деп үміттенеміз", — деп қорытындылады ұжым.

Фестивальдің демеушісі – ресейлік "Яндекс" компаниясы. Фестивальге Placebo, Die Antwoord, Tyga, Brennan Savage, Oliver Tree, сондай-ақ қазақстандық рэпер Скриптонит қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу