Британдық Flybmi әуе компаниясы банкротқа ұшырағанын жариялады, деп хабарлайды 24.kz.
Оған жанармай бағасының қымбаттауы мен Біріккен Корольдіктің Еуроодақтан шығуы себеп болған. Салдарынан 1 жарым мың жолаушы жолда қалып, басқа компанияға жүгінуіне тура келді.
Сарапшылардың айтуынша, брексит нәтижесінде барлық әуекомпаниялар Flybmi-дың күйін кешуі мүмкін. Өйткені Еуропалық одақтан Ұлыбритания шыққан соң, атмосфераға шығарылатын зиянды заттарды есепке алудың еуропалық механизмі есептеледі. Яғни Еуропа елдері арасында қатынау қымбатқа түседі деген сөз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу