Британдық фунт арзандады

1110

Британдық фунт арзандады

Британ стрелинг фунтының долларға шаққандағы бағамы 1,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл соңғы 3 айдағы ең минималды көрсеткіш болып отыр. Жалпы, ертең Ұлыбритания премьер-министрі корольдіктің Еуроодақтан шығу стратегиясы жайлы мәлімдеме жасауы тиіс. Осы ретте инвесторлар "өз сөзінде Тереза Мэй бірыңғай еуропалық нарықтан шығатынын жария етуі мүмкін" деп қауіптеніп отыр.

Айта кеткен жөн, былтыр 23 маусымда Британияда референдум өтті. Онда халықтың көп бөлігі Еуроодақ құрамынан шығу үшін дауыс берген. Саяси шара қорытындысы жария етілгеннен кейін стерлинг фунты 31 жылдағы ең төменгі көрсеткішке дейін құлдыраған.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу