Британдық медбикелер жалақының аздығына наразы

423

Британдық медбикелер, Үкімет олардың жалақысын көтермесе, жыл соңына дейін ереуілге шығуға дайын. 

Британдық медбикелер жалақының аздығына наразы Фото: img8.eadaily.com

"Корольдік мейірбике колледжі" (Royal College of Nursing, RCN) кәсіподағының басшысы Пэт Каллен BBC арнасының эфирінде осындай ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Кәсіподақ мүшелері Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын тыңдап, наразылық шараларын тоқтатуға дайын ба деген сұраққа теріс жауап берді.

"Жоқ, біздің медбикелер соңына дейін барады. Бізде айдың аяғында және мамырдың басында наразылық акциялар жоспарланған. Содан кейін біз өз мүшелеріміз арасында дереу дауыс береміз. Егер дауыс беру оң нәтиже берсе, жаңа ереуілдер Рождествоға дейін (25 желтоқсан) жалғасады деген сөз", — деді Каллен.

14 сәуірде RCN мүшелері Үкіметтің жалақыны көтеру туралы ұсынысынан бас тартып, бір келісімге келмегені хабарланды. Дауыс беруге қатысушылардың 54%-ы ереуілдерді жалғастыруды, 46%-ы келісімге келуді таңдады. Үкіметтің ұсынысы бойынша, медицина қызметкерлері қызметкердің санатына байланысты £ 1,65 мыңнан 3,8 мыңға дейін ($2 мыңнан 4,6 мыңға дейін) біржолғы төлем алып, сонымен қатар, олардың жалақыны 5%-ға көтеру ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу