Британдық жазушыға құрмет көрсетті

821

Британдық жазушыға құрмет көрсетті

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов белгілі британдық жазушы және Ұлыбританияның мемлекеттік қайраткері Джонатан Айткенге "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" медалін табыстады.

Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, медальді табыстай отырып, Елші Ерлан Ыдырысов бұл марапаттың Джоната. Айткеннің Қазақстанның барша әлемге танымалдылығының артуына және оның халықаралық имиджінің ілгерілеуіне қосқан үлесінің белгісі екенін атап өтті.

Ол британдық жазушының "Назарбаев және Қазақстанның жасампаздығы" және "Қазақстан: тәуелсіз 20 жылдан кейінгі таңғажайыптар мен стереотиптер" кітаптарының барша әлемге жаңа Қазақстанды және Мемлекет басшысының еліміздің қалыптасуында және дамуында атқарған көрнекті рөлін көрсететін маңызды дереккөздердің бірі екендігіне тоқталды.

Джонатан Айткен өз кезегінде жоғары марапат үшін өз алғысын білдіріп, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазған алғашқы батыс жазушысы екендігін мақтан тұтатындығын атап өтті.

Оның айтуынша тәуелсіз Қазақстанның және оның көшбасшысының айтарлықтай елеулі жетістіктерін, сондай-ақ еліміздің халықаралық бастамаларын әлемдік қауымдастыққа айтып жеткізу ол үшін үлкен мәртебе. Британдық жазушы Қазақстанның 25 жыл ішінде аймақтағы өзіндік экономикалық локомотивке және әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналғандығын, ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалардың елдің одан әрі дамуындағы маңызды қадам екендігіне баса назар аударды. Еске сала кетсек, Джонатан Айткен - британдық жазушы, британ Парламенті және Үкіметінің бұрынғы мүшесі. Ол АҚШ экс-Президенті Р. Никсонның және Ұлыбритания бұрынғы Премьер-Министрі М. Тэтчердің өмірбаяндарының авторы. 2009 жылы Дж. Айткеннің ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы "Nazarbayev and the Making of Kazakhstan", ал 2011 жылы "Kazakhstan and Twenty Years of Independence" атты кітаптары жарық көрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу