Британдықтар телефон дүңгіршегін мұражай етті

1525

Британдықтар телефон дүңгіршегін мұражай етті

Англия солтүстігінде Уорли қаласының тұрғындары телефон дүңгіршегінде мұражай ашты. Мұражай елді мекен тарихына арналды.

Daily Mail басылымы жария еткендей, дүңгіршек күңгірт шынымен қапталған, ішінде қала тарихымен байланысты ескі суреттер және басқа да заттар бар. Мұражай коллекциясы шамамен үш ай сайын жаңартылып отырады.

Уорли (WCA) тұрғындары қоғамының мүшелері телефон дүңгіршегін мәдени нысанға айналдырды. Ұйым өкілдері мәлімдегендей, жаңа мұражай келушілерді өзінің ерекшелігімен еріксіз тарта түсуде.

WCA өкілдері өздері құрған нысанды әлемдегі ең кішкентай мұражай ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енгізуді де ойға алып отыр.

2015 жылғы қарашада мысырлық Александрия қаласы ауданында Жерорта теңізі түбінде мұражай ашылатыны белгілі болды. Келушілерге орта ғасырда жер сілкінісі салдарынан шайылып кеткен ежелгі үйінділер көрсетіледі.

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу