Британдықтардың көпшілігі елге шабуыл жасалса да соғысқысы келмейді

157

Ұлыбританияда жүргізілген қоғамдық сауалнама нәтижесі тұрғындардың басым бөлігі қарулы қақтығыс жағдайында әскер қатарына қосылуға құлықсыз екенін көрсетті, деп жазады The Sunday Express басылымы.

Британдықтардың көпшілігі елге шабуыл жасалса да соғысқысы келмейді Фото: sputnikglobe.com

Газет жариялаған мәліметке сәйкес, респонденттердің 64%-ы елге шабуыл жасалса да қарулы күштерге бармайтынын айтқан. Тағы 6%-ы мұндай жағдайда әскери қызметке қосылатынына күмән келтірген.

Жас топтарының барлығында әскерге барғысы келмейтіндер басым болғанымен, 18-34 жас аралығындағы азаматтардың арасында әскери қызметке баруға дайындық деңгейі жоғарырақ екені байқалды. Дегенмен сауалнамаға қанша адамның қатысқаны нақты көрсетілмеген.

Оппозициялық Консервативтік партия депутаты Марк Франсуа бұл жағдайға елдегі әскери қызметтің тартымсыздығы себеп екенін айтып, оны лейбористер үкіметінің кемшілігі ретінде сынға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу