Британия араб шейхтары мен Ресей байларының мүліктерін тәркілеуі мүмкін

1518

Британия араб шейхтары мен Ресей байларының мүліктерін тәркілеуі мүмкін

Британия Парламенті өткен аптада криминалдық меншікті тәркілеуге бағытталған қатаң шараларды көздейтін заң жобасын талқылады. Бұл туралы Business FM жазып отыр.

Заң жобасы негізінен "күмәнді жолмен баю" секілді жемқорлыққа қарсы ұғымдарды негізге алып, шетелдік байлардың Лондондағы жылжымайтын мүліктерін тәркілеуге бағытталған.

Әлемнің бай және өте бай адамдары өз капиталын салатын бірнеше орталық бар. Олардың қатарында Лондоннан басқа Монако, Лихтенштейн секілді орталықтар кеңінен танымал.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, Лондонда азаматтық қоғам жоғары дамығандықтан және Панама дауынан кейін саясаткерлер осындай шешім қабылдаса керек.

Басылымның хабарлауынша, Британия билігі мұндай қадамға баруына Африка, Шығыс Еуропа, Орта Азия елдері, Ресей және Қытай байларының  капиталдарына қатысты күмәннің артуы себепші болып отыр. Жалпы, бұл тарихта қайталанатын құбылыс. Көпшіліктің, әсіресе өзге мемлекеттердің күдігін туғызбау үшін жергілікті билік осылайша “бір тексеріс” жасап қоюды әдетке айналдырған. Яғни, жылжымайтын мүлік иелері қаражатты қайдан алғаны туралы есеп беріп, бұрынғыша өмір сүре бермек.

Қазіргі таңда кадастрлық бағалау құны 170 млрд фунт стерлингтен астам британдық жылжымайтын мүлік офшорлық компанияларға тіркелгенін көрсетті. Олардың нақты шынайы иелері жасырын күйде қалып отыр.

Мамандар сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жымқыруға қарсы күрес шеңберінде Лондонда  жүздеген үй мен пәтерге мүліктік тыйым салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, жаңа заң жобасы күмәнді банк есеп-шоттарын, бағалы заттар мен өнер туындыларын тұтқындауға мүмкіндік береді.

reactor.inform.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу