Британия әскери бюджетін 6 млрд долларға арттырмақ

469

Бұл Ресей мен Украина соғысының әсерімен қолға алынған шара.  

Британия әскери бюджетін 6 млрд долларға арттырмақ Фото: РИА новости

Ұлыбритания алдағы екі жылда әскери бюджетін  £5 млрд евро немесе 6 млрд долларға арттырады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Риши Сунак жексенбі күні мәлімдеді. Әскери бюджетті өсіру жөніндегі пункт корольдіктің қауіпсіздік, қорғаныс және сыртқы саясат жөніндегі кешенді құжатына қосылды.

Оның ішінде  $3,6 млрд ядролық тежеу күштеріне, ал қалғаны Украинаға жіберілген қару жарақ қорының орнын толтыруға жұмсалмақ. Қазіргі уақытта Британияның қорғаныс бюджеті жылына $58,4 млрд құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу