Британия бірінші болып AstraZeneca вакцинасын мақұлдады

723

Біріккен Корольдік Pfizer мен BioNTech компанияларының екпесін 2 желтоқсанда мақұлдаған еді.

Британия бірінші болып AstraZeneca вакцинасын мақұлдады

Британия бірінші болып AstraZeneca компаниясының Оксфорд университетімен бірлесе жасаған вакцинасын пайдалануға рұқсатын берді. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы (MHRA) препаратты тексергеннен кейін ғана, үкімет осындай шешім қабылдады. Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкоктың айтуынша, енді оны егу процесі 4 қаңтарда басталуы мүмкін. Вакцинаны егу екі кезеңнен тұрады, нақтырақ айтқанда, алғаш егілгеннен кейін 3 ай өткен соң препаратты тағы бір мәрте қабылдау керек. Еске сала кетсек, 2 желтоқсанда Біріккен Корольдік Pfizer мен BioNTech компанияларының екпесін мақұлдаған еді.

Британияда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 2,38 миллионнан асты. Оның 71 мыңнан астам қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу