Британия цифрлық валюта шығаруы мүмкін

965

Қазір мұндай валютаны шығару жұмыстарымен Швеция, Франция, Ресей сияқты елдер айналысып жатыр.

Британия цифрлық валюта шығаруы мүмкін Фото: reuters.com

Британия өзінің цифрлық валютасын шығаруы мүмкін.Ел қазынашылығы мен Англия Банкі осы орайда арнайы жұмыс тобын құрды, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNBC арнасына сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, валюта шығарылған жағдайда ол қолма-қол ақшаны алмастырмайды, тек оны толықтырып отырады.

"Қазынашылық пен Англия Банкі цифрлық валютаны зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жаңа жұмыс тобын іске қосады",– деді елдің қаржы министрі Риши Сунак.

Әзірге цифрлық фунтты енгізу туралы шешім қабылданған жоқ. Жергілікті билік оны пайдалану жолын және оған қатысты қатерлерді зерттейді.

Қазір мұндай валютаны шығару жұмыстарымен Швеция, Франция, Ресей сияқты елдер айналысып жатыр. Бұған биткоиннің қымбаттауы мен қолма-қол ақшаны пайдаланудан бас тарту үрдісі серпін беріп отыр. 

Жапонияның орталық банкі де өзінің цифрлық валютасын шығара бастады. Келесі жылдың наурызына дейін жалғасатын бірінші кезең барысында жаңа жүйенің ортасы құрылады. Сондай-ақ цифрлық валютаны шығару және өтеуге қатысты сынақтарды өткізу жоспарлануда.

Қытай өткен жылы цифрлық юаньға байланысты тәжірибе жасай бастаған еді. Еуропаның орталық банкі болса, алдағы бес жылда цифрлық еуроны іске қосуды көздеп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу