Британия экономикасы Brexit пен індет салдарынан зардап шекпек

733

ЭЫДҰ болжамынша, 2021 жылы елдің ЖІӨ 7,2%-ға өседі.

Британия экономикасы Brexit пен індет салдарынан зардап шекпек Фото: reuters.com

Британия экономикасы пандемия мен Brexit салдарынан "үлкен жетіліктің" басқа елдеріне қарағанда әлдеқайда қатты зардап шегеді деген болжам жасады Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшылары, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Мамандардың айтуынша, Британияның ЕО-дан шығуы сыртқы экономикалық байланыстарға кері әсерін тигізеді. ЕО-мен арадағы сауда көлемі 2021 жылдың басында 2018 жылмен салыстырғанда төрттен бірге төмендеген.

Жұмыссыздық, деңгейі жылдың соңына қарай 6,1%-ға дейін өседі, бірінші тоқсанда 4,8%-ға көтерілген еді. ЭЫДҰ болжамынша, 2021 жылы елдің ЖІӨ 7,2%-ға өседі.
Сонымен қатар сарапшылар әлемдік экономикаға қатысты болжамдарын жариялады: биыл ЖІӨ 5,8%-ға, ал 2022 жылы 4,4%-ға өсуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу