Британия ханшайымының күйеуі қайтыс болды

1022

3 наурызда оның жүрегіне ота жасалған еді.  

Британия ханшайымының күйеуі қайтыс болды

Британия патшайымы II Елизаветаның күйеуі ханзада Филип 99 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Корольдік мәртебелі ханзада бүгін таңертең Виндзор қамалында дүние салды",– деп жазылған ханшайым жанұясының баспасөз қызметінің мәлімдемесінде. Оның неден қайтыс болғаны жарияланбады. Екі айдан кейін яғни 10 маусымда ол 100 жыл жылдық мерейтойын атап өтуі тиіс болатын.

Еске сала кетсек, 16 ақпанда Филипп ауруханаға жатқызылған еді. Бірнеше күн бұрын ол денсаулығының нашарлағынына шағымданған. Оның ауруханаға жатуына коронавирус инфекциясына қатысы жоқ басқа жұқпалы ауру себеп болды деп жарияланды. Филипп те, II Елизавета COVID-19 вирусына қарсы вакцина ектірген болатын.

1 наурызда Филипп созылмалы жүрек ауруын тексерту үшін Сент Варфоломей ауруханасына ауыстырылды. Екі күннен кейін оның жүрегіне ота жасалды. 16 наурызда ханзада ауруханадан шығарылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу