Британия қант пен тұзға салық салады

997

Үкіметі келесі он жылдықта етті тұтыну мөлшерін 30%-ға азайту үшін тиісті шаралар қабылдамақ.

Британия қант пен тұзға салық салады

Британия әлемде бірінші болып қант пен тұзды сатуға салық салады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті билік нашар тамақтану экономика мен адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді деп отыр. 

Жаңа заң бойынша, бір килограмм қантқа үш фунт (4,16 доллар), бір килограмм тұзға алты фунт (8,32 доллар) көлемінде салық салынады. Бұдан қазынаға жылына 2,9-3,4 миллиард фунт көлемінде қаржы түседі. Қаражаттың бір бөлігі мектепте тегін тамақтану бағдарламасын жетілдіруге жұмсалады.

Құжатта ет салығын енгізу қарастырылмаған. Бірақ Британия үкіметі келесі он жылдықта оны тұтынуды 30%-ға азайту үшін тиісті шаралар қабылдамақ.
Британия бірқатар азық-түлік проблемаларын бастан кешіруде. Билік адамдардың семіздігі, кедей тұрғындардың балаларын тамақпен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді қарастырып жатыр. Бұл елде бұған дейін алкогольсіз сусындардағы қантқа салық енгізілді. Жергілікті ғалымдардың айтуынша, семіздік адам өліміне себеп болатын негізгі факторлардың бірі саналады.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу