Британия мен Германия Ресейдің G7-ге қайтып келгенін қаламайды

1062

Бүгінде үлкен жетілікке Германия, АҚШ, Канада, Жапония, Франция, Британия мен Италия кіреді. 

Британия мен Германия Ресейдің G7-ге қайтып келгенін қаламайды

Ресейдің үлкен сегіздік құрамына қайтып келуі мүмкін емес. Себебі ол негізгі шарттарды орындаған жоқ. Мәселен Қырым мен Донбасқа қатысты. Германияда бас қосқан Борис Джонсон мен Ангела Меркель осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Дегенмен, ұйымға мүше АҚШ пен Франция Ресейді қатарға қайта қосуға қарсы емес. Осы пікірден соң, Кремль келесі жылы өтетін кездесу ресми форматта болса, саммитке қатысуға дайын екенін хабарлады.

Бүгінде үлкен жетілікке Германия, АҚШ, Канада, Жапония, Франция, Британия мен Италия кіреді. Ұйым – халықаралық  келісімшартқа негізделмеген, жарғысы мен хатшылығы жоқ. Оның шешімін орындау міндетті емес. Дегенмен, G7 аса ықпалды халықаралық саяси клуб болып саналады.

"Солсбериде болған жағдай, яғни химиялық қаруды пайдалану, азаматтық соғыс, Украинаға қарсы жасалған әлімжеттік, небір арандату әрекеттерін ескеретін болсақ, Ресейді үлкен жетілік құрамына қайта қосу деген мәселені қайта қарау ерте. Осы тұста Британия мен Германия ұстанымы ортақ екенін айта кету керек",– дейді  Британияның премьер-министрі Борис Джонсон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу