Британия өз әскерін Ауғанстаннан шығармақ

647

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден 11 қыркүйекке дейін америкалық әскерді Ауғанстаннан шығаратыны жарияланған еді. 

Британия өз әскерін Ауғанстаннан шығармақ

Британия Ауғанстаннан өз әскерін түгелдей дерлік шығаруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Times газетіне сілтеме жасап. Сарбаздардың нақты қанша пайызы елге қайтарылатыны әзірге жарияланбады.

Қазіргі уақытта бұл елдің аумағында Біріккен Корольдік әскерінің 750 қызметкері бар. Басылымның дерегінше, олар АҚШ-тың қолдауынсыз қиналуы мүмкін, өйткені осы күнге дейін британиялықтар америкалық инфрақұрылымға толығымен сүйеніп келген. 

Сонымен қатар британиялықтар Ауғанстан үкіметіне академияны тапсырмақ. Ол жерде британиялық әскери күштер ауған әскерилерін оқытумен айналысқан болатын. 

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден 11 қыркүйекке дейін америкалық әскерді Ауғанстаннан шығаратынын жариялаған еді. Бірақ лаңкестермен арадағы соғысты болдырмас үшін АҚШ шығару мерзімін ұзартты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу