Британия парламенті жұмысын тоқтатады

1079

Британия парламенті 5 аптаға жұмысын тоқтатады. Заң шығарушы орган қыркүйектің 9-ынан 14 қазанға дейін жабық болады.

Британия парламенті жұмысын тоқтатады

Елизавета ІІ елдің жаңа премьері Борис Джонсон ұсынысын мақұлдады. Ол 31 қазан күні қалай да Еуропалық одақ құрамынан шығамыз деп отыр. Сол үшін депутаттардың Брекситке қатысты жұмысқа кедергі келтіргенін қаламайды.

Дегенмен жергілікті халық оның бұл әрекетін белден басу деп санайды. Оппозиция саяси дағдарыс басталды деп байбалам салып жатыр. Олар елдің блок құрамынан келісімсіз шыққанын қаламайды. Ал елдің бұрынғы қаржы министрі Филип Хаммонд болса, парламент жұмысын тоқтатқан үкімет жетекшісінің әрекетін демократияға қайшы деп санайды.

 "Бұл – конституция талаптарын бұзу болып саналады. Ұлттық дағдарыс болып жатқан кезде парламентке үкімет жұмысын бақылауға мүмкіндік бермеу деген не сұмдық"?!,– дейді елдің бұрынғы қаржы министрі Филип Хаммонд.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу