Британия патшайымына қызмет көрсететін Coutts банкіне қитұрқылықтары үшін айыппұл салынды

1160

Британия патшайымына қызмет көрсететін Coutts банкіне қитұрқылықтары үшін айыппұл салынды

Сингапурдің ақша-несие басқармасы британдық ақсүйектер мен патша отбасының есеп-шоттарына қызмет көрсетумен танымал Coutts банкінің жергілікті бөлімшесіне ақша ізін жасырмақ болғаны үшін айыппұл салды. Орталық банк пен мемлекеттік қаржы реттеушісінің қызметін қоса атқаратын ұйымның мәлімдемесінде айтылғандай, бұл айыппұл малайзиялық 1MDB қорының қызметін тексеру барысында  анықталған заң бұзушылықтармен байланысты болып отыр. 1692 жылы негізі қаланған әлемдегі тарихы тереңде жатқан Coutts банкі енді 2,4 млн сингапур доллары (1,6 млн АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлейді. Сондай-ақ қаржы реттеушісі британдық Standard Chartered Bank банкінің филиалын да "жазалады".  Аталмыш банкке салынған айыппұл көлемі 5,2 млн сингапур долларын құрайды (3,6 млн АҚШ доллары).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу