Ресми Лондон елдің Еуроодақтан шығуына кемінде салық төлеушілердің қаражатынан 4,4 млрд фунт стерлинг бөліпті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Ресми мәліметке сүйенсек, қаражаттың басым бөлігі қызметкерлерге кететін шығындар (1,9 млрд фунт стерлинг), жаңа инфрақұрылымның құрылысына (1,5 фунт стерлинг) арналған болатын.
Ескере кететін жайт, негізі, Brexit дайындығына шамамен 6,3 млрд фунт стерлинг бөлінген еді. Үкімет оның тек 70 % жұмсаған. Ал келешекте ел Еуроодақ алдындағы 39 млрд фунт стерлинг көлеміндегі қарызын төлейді.
Британия одақтан ресми түрден 31 қаңтарда шыққан болатын. Енді 10 айдан кейін тараптар болашақтағы қарым-қатынастары туралы келіссөздерді жүргізе байтайды.
Табиғат Нұрболат