Британияда Бондқа арналған 7 келілік алтын тиын шығарылды

703

Тиында Бондтың автокөлігі Aston Martin DB5 бейнеленген.

Британияда Бондқа арналған 7 келілік алтын тиын шығарылды

Елдегі корольдік ақша сарайы атаулы құны 7 мың фунт стерлинг, ал салмағы 7 килограмдық алтын тиынды Джеймс Бондқа арнап жасап шығарды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.  

Қызық жайт, іргесі 1100 жыл бұрын қаланған корольдік ақша сарайы шығарған тиындардың ең үлкені осы тиын болып отыр. Оның диаметрі 185 миллиметр екен. 

Тиында Бондтың автокөлігі Aston Martin DB5 бейнеленген. Көліктің астыңғы жағына 007 цифралары мен Бондтың тапаншасы салынған. 

Жеті килограмдық бұл ақша – арнайы құйылған бағалы тиындар коллекциясының бір пұшпағы ғана. Ол Джейм Бонд туралы түсірілген 25-нші фильм үлкен экранға шықпай тұрып, халық назарына ұсынылып отыр. Коллекцияда сонымен қатар салмағы 2 келі болатын, ал атаулы құны 2 мың фунт стерлинг алтын тиын бар. Оның бағасы 129,99 мың фунт стерлингке бағаланып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу