Британияда халықтың 75%-ы вакцинацияланды

590

АҚШ тұрғындарының 50%-ы толығымен егілді.  

Британияда халықтың 75%-ы вакцинацияланды

Британия халқының 75%-дан астамы толықтай коронавирусқа қарсы вакцина ектірді, 89%-ы препараттың алғашқы дозасын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Sky News сайтына сілтеме жасап.

Кембридж университетіндегі зерттеушілердің айтуынша, мамандар уақытылы жүргізілген вакцинацияның арқасында шамамен 60 мың өлімнің, 22 миллион жұқтыру фактісінің және ауруханаға жатқызудың 67 мың фактісінің алдын алған. Осы күнге дейін 86,7 миллион екпе егілген.

Ел премьер-министрі Борис Джонсон бұл кезеңге ұлттық жетістік деген баға берді.

9 тамызда АҚШ халқының 50%-ы толығымен егілгені жарияланған еді. Құрама Штаттарда жергілікті билік қызметкерлерді вакцинациялауға қатысты талаптарды қатайтуды ұйғарып отыр. Қазіргі уақытта АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі вакцинацияланбаған қызметкерлер жұмыс істейтін институттарды федералды субсидиялардан айыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Осылайша билік қызметкерлерді екпені қабылдауға ынталандырмақ. Бірнеше күн бұрын америкалық президент штаттардың үкіметін вакцинацияланған әрбір адамға 100 доллардан төлеуге үндеген еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу