Британияда министрлер кабинеті Brexit бойынша келісімге келді

865

Британияда министрлер кабинеті Brexit бойынша келісімге келді

Ұлыбритания Министрлер кабинеті 12 сағатқа созылған отырыстың нәтижесінде Brexit бойынша келісімге келді. Бұл туралы премьер-министр Тереза Мэй мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Құжатқа сәйкес, Тұманды Альбион Еуроодақпен өнеркәсіптік және ауылшаруашылық тауарлары үшін ортақ тәртібі бар еркін сауда аймағын құруды көздейді. Сондай-ақ Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасының арасындағы шекараға қатысты жаңа шешім ұсынылған. Сондықтан Лондон бұл жоспар Брюссельмен келіссөздің келесі кезеңін бастауға жол ашады дейді.

Ал Еуроодақтың басты мәмілегері Мишель Барнье жаңа ұсыныстар жан-жақты талқыланатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Ұлыбриатния 2016 жылы Еуроодақтан шығу туралы рефрендум өткзіп, оны қолдаушылар жеңіске жеткен еді. Алайда оппозиция "2 жыл бұрын азаматтардың көбі бұл шешімнің салдарын толық білген жоқ" деп, қайтадан референдум өткізуді талап етіп отыр. 

"Бұл "жұмсақ брексит" туралы келіссөз барысында қабылданған маңызды қадам. Біз бұл шешімнің нәтижесінде сауда саласындағы кедергілерді жеңіп, жұмыс орындарын сақтап қалуға қол жеткіземіз. Ол сондай-ақ Солтүстік Ирландия алдында өз міндеттерімізді орындауға мүмкіндік береді. Сондықтан құжат Ұлыбританияға да, Еуроодаққа да тиімді болады деп сенемін", - дейді Терезе Мэй.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу