Британияда пойыздағы шабуылдан 10 адам зардап шекті

158

Полиция екі күдіктіні ұстады. 

Британияда пойыздағы шабуылдан 10 адам зардап шекті Фото: Justin Tallis/AFP/Getty Images

Англияның Кембриджшир графтығында пойыз ішінде болған пышақпен шабуыл салдарынан 10 адам ауруханаға түсті, олардың тоғызы ауыр жарақат алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиға 1 қараша күні кешке Хантингдон маңында, Донкастерден Лондонға бағытталған пойызда болған. Терроризммен күрес қызметі тергеуге қатысуда. Пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер зардап шеккендерге қолдау білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу