Британиядағы жағдай Азия нарығын құлдыратты

769

Бірқатар ел бұл елмен арадағы қатынасты тоқтатты.

Британиядағы жағдай Азия нарығын құлдыратты Фото: rbc.ru

Британияда табылған коронавирустың жаңа штамы басқа елдерге таралып жатыр деп жарияланғаннан кейін, Азия-Тынық мұхиты аймағының қор индекстері төмендеді. 

Жапонияның Nikkei 225 индексі 0,56%-ға, Оңтүстік Кореяның KOSPi индексі 0,39%-ға, Австралияның ASX 200 индексі 0,21%-ға, Гонконгтың Hang  Seng индексі 0,08%-ға кеміді. 

Ал Қытайдың Shanghai Composite индексі, керісінше, 0,56%-ға артты. 

Ескере кететін жайт, соңғы уақытта Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс өршіп кетті. 18 желтоқсанда ресми Вашингтон ҚХР-дың 60-там астам компаниясын қара тізімге енгізген еді. Құрама Штаттар елдің ұлттық қауіпсіздігін қорғау үшін осындай қадамға барғанын айтып отыр. Бейжің болса, бұған қарсы шара қабылдайтынын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу