Британиялық компаниялар 4 күндік жұмыс кестесіне көшті

257

Қызметкерлердің орташа жұмыс уақыты 7 сағатқа қысқарған. 

Британиялық компаниялар 4 күндік жұмыс кестесіне көшті Фото: Pixabay.com

Ұлыбританияда бірнеше компания 4 күндік жұмыс аптасына көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

NEGE сайтының жазуынша, бұл туралы жергілікті сарапшылар мәлімдеген. Қызметкерлердің орташа жұмыс уақыты 7 сағатқа қысқарған. Бұл аптасына 32 сағатқа тең. Зерттеу жұмысына 60-тан астам британдық ұйым қатысқан.

Компания жетекшілері жаңа кесте қызметкердің физикалық және психикалық денсаулығына оң әсер еткенін дәлелдеді. Қатысушылар шаршау мен жұмысқа қатысты ешқандай шағым айтпаған. Мамандар бұл бастама адамдардың жұмыс пен жеке өмірді тең ұстауына мүмкіндік береді дейді. Мұндай заң Шотландия мен Бельгияда да күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу