Ұлыбритания билігі елдегі компанияларды 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің жоспарын жасатуға міндеттемек, деп хабарлайды Inbusiness.kz
Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Үкімет Geening Finance деп аталатын планетаны құтқару жоспарын дайындады. Құжат осы аптада жариялануы мүмкін.
Үкімет 2022 жылға қарай бұл мәселені бизнеспен талқылауды аяқтайды. Егер компаниялар 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына көшу жоспарын жарияламаса, олар белгіленген мерзімде мұндай көрсеткіштерге неліктен қол жеткізілмейтінін айтуы керек.
Заңнамалық реттеу ірі бизнесті қамтиды. Шағын компаниялармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қазан айының басында британиялық компаниялар мен инвесторлар 2025 жылға қарай энергияны тұтынуды тоқтатуға қол жеткізу жоспарларын міндетті түрде жариялауды ұсынған болатын. Ұсыныс 31 қазан мен 12 қараша аралығында Глазгода өтетін БҰҰ-ның климаттық саммиті қарсаңында айтылып отыр.
Табиғат Нұрболат
Фото: Globallookpress.com