"Британиялық" коронавирус Оңтүстік Кореядан табылды

700

Бұған дейін жаңа штамның Канада, Франция, Испания, Ирландия, Жапония, ОАР, Германия елдерінде анықталғаны жарияланған еді. 

"Британиялық" коронавирус Оңтүстік Кореядан табылды

Британияда табылған коронавирустың жаңа штамы Оңтүстік Корея еліне жетті. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Ресми дерек бойынша, мутацияланған вирусты Лондоннан келген жергілікті тұрғындар, нақтырақ айтқанда, бір отбасының мүшелері жұқтырған. Олардың барлығы да карантинге жабылды.
Бұған дейін жаңа штамның Канада, Франция, Испания, Ирландия, Жапония, ОАР, Германия елдерінде анықталғаны жарияланған еді. 

Еске сала кесек, 14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, бұл фактор COVID-19 дертінің Англияның оңтүстік-шығысында тез таралуының себебі болуы мүмкін. Ғалымдар жаңа штамм бұрынғысына қарағанда тез тарайтынын мәлім етті.

Осы жағдайға байланысты бірқатар ел Британиямен арадағы көлік қатынасын тоқтатты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу