Британиялық оқушылардың Covid-19 жайлы қалжыңдауына тыйым салынды

524

Ереже бұзғандар сабақтан шығарылады.

Британиялық оқушылардың Covid-19 жайлы қалжыңдауына тыйым салынды

Британиядағы мектептердің бірінде оқушыларға коронавирус туралы әзілдесуге тыйым салынды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Гастингстегі Арк Александр академиясында оқитындар қалжың ретінде басқа біреуге қарап жөтелсе, сабақтан шығарылады. Сонымен қатар коронавирусқа қатысты дөрекі, орынсыз әзіл айтқандар да уақытша оқуын тоқтатады. Тіпті кей жағдайда оқудан да шығарылуы мүмкін. 

Дерби қаласындағы мектепте әр сыныпқа жеке дәретхана бекітілген. Ереже бұзғандар жазаға тартылады. 

Соңғы мәлімет бойынша, Британияда вирус жұқтырғандардың саны 330 мыңнан асып, оның 41 мыңы қаза тапқан. Пандемия басталғалы елде дертті анықтайтын 16 миллион тест жүргізілген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу