"Британиялық" штамның пайда болу себебі жарияланды

755

Коронавирустың бұл елде табылған жаңа штамы елдегі зертханадан таралып кеткен болуы мүмкін.

"Британиялық" штамның пайда болу себебі жарияланды Фото: ria.ru

Иранның денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Әлиреза Вахабзаде осылай деп топшылап отыр. 

"Мен британиялық ғалымдардың бірімен  сөйлескенде, ол маған мутацияланған вирустың зертханадан таралып кеткенін айтты, бірақ оның қалай таралғаны белгісіз", – деп жазды Вахабзаде өзінің Twitter-дегң парақшасында. 

Дегенмен ол нақты кіммен сөйлескенін жарияламады. 

Еске сала кесек, 14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, бұл фактор COVID-19 дертінің Англияның оңтүстік-шығысында тез таралуының себебі болуы мүмкін. Ғалымдар жаңа штамм бұрынғысына қарағанда тез тарайтынын мәлім етті.

Осы жағдайға байланысты бірқатар ел Британиямен арадағы көлік қатынасын тоқтатып тастады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу